Рахымбекова Айжан Төлеуғазықызы
ШҚО мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК солисті
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін  бітірген.
Музыка пәнінің мұғалімі, біліктілігі - музыкалық білім бакалавры.
2015 жылдан бастап  ШҚО мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК вокалист-солисті болып жұмыс істейді.
Жұмыс барысында өзін білікті, білікті маман ретінде көрсете білді.
2007 жылы Республикалық «Мое сердце бьется как песня» байқауында 1 орын;\
2007 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дирижерлік және вокал номинациясы бойынша екінші жүлдені жеңіп алды;
Абай және Шәкәрім атындағы республикалық байқаудың дипломанты.
2008 жылы Алматы қаласында өткен «Мектеп хорымен жұмыс» қалалық байқауында Гран-при;
2008 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен өткен олимпиадада «Вокал» номинациясы бойынша 2 орын алды.
2008 жылы «Жүрегім ән деп соғады» облыстық байқауында 2 орын алды.
2013 жылы Семей қаласының тілдерді және мәдениетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
2013 жылы Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында өткен «Шығыс Қазақстан күндері» концертіне қатысты.
2014 жылы Татарстан Республикасының Қазан қаласында Шығыс Қазақстан облысы өнерпаздарының концертінде өнер көрсетті.