Наурыз айының 21 күні, сағат 11:00-де Солжағалау мұражай-қорық кешенінде (Этносаябақ) Наурыз мейрамына арналған іс-шара өтті.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барлық шығысқазақстандықтарды Наурыз мерекесімен, сондай-ақ волейболдан ҚР 32-ші Чемпионатында облысымыздың атынан қатысқан және жүлделі орын алған спортшыларды құттықтады.
Мереке ШҚО шығармашылық ұжымдары, солисттері және театр актерлерінің қатысуындағы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мереке қонағы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин қала тұрғындарына өз әндерін шырқады.
Басты оқиғалардың бірі - Қыдыр Ата резиденциясының ашылу салтанаты.
Қала тұрғындары мен қонақтары ауа-райының салқындығына қарамастан әртістермен бірге ән шырқап, би билеген мереке көңілді өтті.