Маусым айының 14 күні Оралхан Бөкейдің 80 - жылдық мерейтойына орай «Төр Алтай жырлайды» поэзия-фестивалі жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Астана және Алматы қаласынан арнайы шақырылған ақын-жазушылар Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханасында болды.
Жазушы шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция ШҚО Мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» мекемесінің үлкен залында өтті.
Конференцияға арнайы шақырылған қонақтар
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаров, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері «Фолиант» баспасының президенті Нұрлан Исабеков, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, «Алаш», «Дарын» сыйлықтарының лауреаты, Бауыржан Жақып, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қәдірбек Сегізбаев, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, белгілі кинорежиссер, «Оралхан» жайлы деректі фильмнің режиссері Сергей Азимов және ауданымыздың ақын-жазушылары, құрметті өкілдер қатысты.
Кіріспе сөз Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, Катонқарағай ауданының, Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевқа және ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Қадірұлы Ахметжановқа берілді. Конференция соңында облысымыздың түкпір-түкпірінен келген қазақ сөз өнерін, тіл құдіретін келер ұрпаққа жеткізер жас ақындар өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара соңында фестивальге қатысушы ақындар алғыс хаттармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Фестиваль Оралхан Бөкейге арналған деректі фильм көрсетілімімен аяқталды.