15 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Ұлан ауданы өнерпаздарының концерті өтті.
15 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Ұлан ауданы өнерпаздарының концерті өтті. 
Ұлан ауданы мәдениет үйінің әртістері мен мектебінің ұстаздары және оқушыларының ұйымдастырған концерті барша көрермен үшін нағыз мерекеге айналды. 
Концерттік бағдарламаның көркіне айналған «Алатау серілері» тобы болды. Топтың құрамындағы орындаушыларының бірі Ұлан ауданы Тарғын ауылының тумасы болғандықтан, жергілікті тұрғындарға ерекше әсер қалдырып, мақтанышына айналды.