Қайырымдылық саласында құрметті атақ беруге өтінім қабылдау басталды
Қайырымдылық саласында құрметті атақ беруге өтінім қабылдау басталды
«Қайырымдылық туралы» Заңға енгізілген түзетулер шеңберінде, елімізде алғаш рет қайырымдылық саласында құрметті атақ белгіленді.
Атақ - қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін көтермелеуге бағытталған.
Осы орайда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (ҚР АҚДМ) қайырымдылық саласында құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
Өтінім қабылдау бүгін, 5 маусымда басталып,  2023 жылғы 5 шілдеге дейін жалғасады.
Құрметті атақ беруге өтінімді ҚР АҚДМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағазбен беруге, және электронды түрде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-карталарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайға жолдауға болады.
Жеңімпаздар Парламент депутаттарының, азаматтық және квазимемлекеттік секторлар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысатын конкурстық комиссияның шешімімен анықталатын  болады.
Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидалары ҚР АҚДМ интернет ресурсында орналастырылған: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029542