20 сәуір күні «Ертіс концерт» үлкен залында, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, профессор Альмира Нургожинаның «Көктем әуені» атты шығармашылығының 35 жылдығына арналған жеке концерті өтті.
Концерттік бағдарламада дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Глымов, Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, бас дирижер ҚР мәдениет саласының үздігі Шалқар Рысханов, дирижер Ержан Касымканов, Қазақстан Республикасыны еңбек сіңірген қайраткері Ғибрат Азубаев, ҚР мәдениет саласының үздігі Нұргүл Қабдоллаева, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Қалық Қамит, Айжан Рахымбекова және ШҚО білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның оқушылары Айдарова Айзере, Лик-мажор вокалдық ансамблі, «Шашу» би тобы өз өнерлерін көрсетті.