Ағымдағы жылдың 1 шілдесі күні ШҚО Мәдениет басқармасының және «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының ШҚО филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық Домбыра күнін» мерекелеу аясында «Домбыра PARTY» мерекелік концерті өтті .
Құттықтау сөз «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Жумадилова Сайрангуль Ахметкаримовнаға беріліп, облысымыздың домбырашыларын мерекелерімен құттықтап алғыс хаттар табыс етті.
ШҚО Мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» КМҚК- шығармашылық ұжымдары мен солистері мерекелік көңіл күй сыйлады.