1975 жылы Біріккен ұлттар ұйымы 8 наурызды ресми түрде мереке етіп бекітті.
Халқымызда «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Әйел – қоғамда отбасы ошағының сақтаушысы. Әйелге еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелейтін Ана болу ісі жүктелген.
Осы мереке қарсаңында, ағымдағы жылдың наурыз айының 7 күні «Ертіс концерт» КМҚК көрермендер залында ШҚО әкімінің қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Концерттік бағдарламада ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсанов, арнайы шақырылған қонақтар – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, Қазақстанның жас эстрада әншісі Нұрмұхаммед Жақып және ШҚО шығармашылық ұжымдары мен солисттері өнерлерін көрсетті.