Пресс-конференция
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз пресс-конференциясы
ШҚО-да маусым айында "Төр Алтай жырлайды" фестивалі өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов 14 маусымда ШҚО-да Оралхан Бөкейдің 80 жылдығын мерекелеу аясында "Төр Алтай жырлайды" фестивалі, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференция өтетінін хабарлады. Сонымен қатар, «Оралханның басқа өмірі» (Другая жизнь Оралхана Бокея) атты деректі фильм көрсетіле отырып, театрландырылған қойылым қойылмақ.
"Жалпы, бұл іс-шараның мақсаты жас таланттарды, жазушылар мен ақындарды қолдау, республикамыздағы халықтар достығын, бірлік пен татулықты, саяси тұрақтылықты насихаттау, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, шеберлікті арттыру, дарынды жастарды ынталандыру болып табылады", - деді Нұрболат Ахметжанов.
Сонымен қатар, брифинг барысында ол ШҚО мәдениет басқармасының "Ертіс концертінде" барлығы 8 шығармашылық ұжым мен 20 солист жұмыс істейтінін айтты.
"Ағымдағы жылдың басынан бастап мекеме ұжымы облыстың бірнеше аудандарында гастрольдік концерттермен болды. Енді Самар, Тарбағатай, Зайсан, тағы да басқа аудандарда концерттік бағдарламалар жоспарлануда", - деді спикер.
Сонымен қатар, шығармашылық ұжымдар мен солистер үшін әрдайым еліміздің белгілі дирижерлері мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері шақырыла отырып, шеберлік сыныптары өткізіледі.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, облыс әкіміне сахналық костюмдер тігуде, музыкалық аспаптар сатып алуда және материалды техникалық базамызды нығайтуда бізге барлық жағынан қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді", - деп толықтырды" Ертіс концерт " директоры Данияр Мерғалиев.
"Алтай" халық би ансамблінің жетекшісі Тимур Қожахметов 2020 жылы өңір басшысының бастамасымен құрылған бұл ұжым туралы айтып берді.
"Қазіргі уақытта біздің құрамда 30 әртіс бар, 30-ға жуық қойылымдық жұмыстар қойылып, 374 костюм тігілген. Жуырда құрылған ансамбль бірқатар республикалық және халықаралық сайыстардың жеңімпазы атанып үлгерді. Халықаралық би күніне арналған "Жібек жолы" жобасы бойынша Павлодар қаласында гастрольдік сапармен болып, Павлодар қаласының "Нұр" және Шымкент қаласының "Қазына" би ансамбльдерімен бірлескен концерт берді", - деп түсіндірді ол, 2023 жыл ұжым үшін нәтижелі болуға уәде беретінін айтты. - Биылғы жылдағыдай, біз де қажетті нәтижелерге сенімді әрі мақсатты түрде қол жеткізетін боламыз, - деді Т.Қожахметов.