ШҚО-да сирена гуілі естілетін болады
2023 жылғы 11 қыркүйекте «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде сағат 12.30-ден 13.30-ге дейін кестеге сәйкес азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеруді жоспарланған.
Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ радиоарналарының эфиріне қосылу, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Егер Сіз сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, 104,0 жиілікте «Қазақ радио» радиосын (ұялы телефон арқылы алуға болады) дереу қосу керек. Сигналды үйде естіген кезде ШҚО ТЖД әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларды, «Дармен» қосымшасындағы хабарламаларды және «112» қызметінің SMS хабарламасын қадағалау қажет.
Барлық ересектер өздері үйреніп, балаларға сиреналардың дыбысы «Баршаның назарына» сигналы екенін түсіндіруі керек. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту керек.
Кіреберіс мен тұрғылықты жері бойынша көршілерге сигнал туралы хабарлау қажет: олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Дүрбелең мен қауесеттің кез-келген көрінісін дереу тоқтатыңыз.
ШҚО ТЖД сиреналардың қосылуына түсіністікпен қарауды сұрайды және берілген ұсыныстарға сүйене отырып, міндетті түрде өзіңіз жаттығыңыз.
Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.