2023 жылғы 09 маусымда Алматы қаласында облыстық филармониялар мен концерттік кәсіпорындар басшыларының қатысуымен Республикалық семинар өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония.
Семинарда «Мәдени байланыстарды қалыптастыру және дамыту» тақырыбы бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, барлық концерттік кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.