Оралбаев Қуаныш Жайлаубекұлы
ШҚО мәдениет басқармасының "Ертіс концерт" КМҚК солисті
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде "Музыка және ән айту" мамандығы бойынша оқыды. Өнер, білім, эстрадалық және дәстүрлі ән айтуды қоса меңгерген.
2011 жылдан бастап Семей қаласының Мәдениет сарайында жұмыс істеді. "Семей-тау" халық фольклорлық ансамблінің домбырашысы,"Самұрық"тобының солисті.
Қуаныш Оралбаев халықаралық, облыстық және қалалық деңгейдегі ресми және Ұлттық бейнедегі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысады.
Ақан серінің "Майда қоңыр", "Жамал қыз", "Садықожа", "Сары бидай", дәстүрлі "Гүлдариға"," Қарағым-ау" ,"Бесқарагер", "Уайсса" және т.б. әндерін шебер орындайды.
"Ертіс концерт" КМҚК-да еңбек еткен сәттен бастап, өзін тек жауапты, мәдениетті, сөз өнері мен сахна мәдениетін жақсы меңгерген, өз саласында кәсіби маман ретінде танытты. Ұжымдық ортада, репертуарды таңдауда немесе жауапты музыкалық бағдарламаны дайындауда әрқашан өз ойларын ашық жеткізіп, кез-келген жағдайда шешім таба алады.
Әнші ретінде ол үнемі шығармашылық ізденіс үстінде. Ұлттық бейнедегі қазақ, дәстүрлі әндермен қатар, қазіргі заманғы әндер жасөспірім көрермендерді қызықтыратынын ескере отырып, әрдайым жаңа репертуар ұсынады.
An.Sal.Dar. ансамблінің солисті.
Қытай Халық Республикасында және Ресейде гастрольдік сапармен болды.
2005 жылы Абай-Пушкин жылын мерекелеуге арналған Абай әнін орындаушылардың республикалық байқауының лауреаты атанды.
2009 жылы Кенен Әзірбаев атындағы V-ші республикалық дәстүрлі әншілер байқауының дипломанты.
2014 жылы Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауының дипломанты.
2017 жылы Абай ауданында өткен "Шыңғыстау әуендері" өңірлік байқауының 1-ші дәрежелі лауреаты атанды.
2017 жылғы "Мен қазақпын" халықаралық мега жобасының қатысушысы.
2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында өткізілген Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның 75 жылдығына арналған Әміре Қашаубаев атындағы республикалық "Құлақтан кіріп, бойды алар" атты  дәстүрлі әншілер байқауының  бірінші дәрежелі лауреаты атағы берілді.
2021 жылы "Халық әуені" номинациясы бойынша "Достық шұғыласы" ұлттық мәдениеттер халықаралық байқауының лауреаты. Сонымен қатар, көптеген облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
Жыл сайын "Ұлттық Рухани Жаңғыру" және "Ауыл – ел бесігі" ұлттық жобалары шеңберінде гастрольдік концерттерге қатысады.
"Хабар" арнасы ұйымдастырған "JETI QAZYNA" телевизиялық мега-жобасының жеңімпазы (2022ж.).