Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген әртісі
1998 жылы Республикаға сіңірген
еңбегі үшін Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді.
Қазақстан мен Украина
халықтарының достығына қосқан зор үлесі үшін Украинаның Қазақстандағы Елшісі
атынан Құрмет грамотасымен, ШҚО мәслихатының депутаттар жиналысында «Музыкалық өнерді дамыту мен байытуға қосқан зор үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталған.
2005 жылы «Өскемен қаласы
Әнұранының вокалдық орындаушысы» байқауының жеңімпазы (Быстров А.)
2009 жылы «Жоғары педагогикалық
шеберлігі мен жас орындаушыларды табысты дайындағаны үшін» Құрмет грамотасымен
марапатталды (Вице-министр К.Шәмшидинова, 2009 ж.)
2004, 2005, 2006 жылдары
Қазақстан Республикасы Білім министрлігімен С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ музыка факультетінде мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болып бекітілді.
2001 ж. – Астана, 2006 ж. –
Шымкент, 2009 ж. – Астана қаласы Республикалық жас орындаушылар байқауының
қазылар алқасының мүшесі.
2007-2009
жылдары - Дельфийлік аймақтық ойындардың қазылар алқасының мүшесі.
Мәдениет
пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының
лауреаты – 2007 ж.
Н.Ә.Назарбаевтың
«Нұр Отан» Құрмет грамотасымен марапатталған (2021).
В.М.Ткач туралы мақала жарияланған Өскемен қаласының «Құрмет кітабы» табысталды
(2021
ж).
Жыл
сайын «Ұлттық рухани жаңғыру» және «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобалары аясындағы
гастрольдік концерттерге қатысады.