ҚР
Мәдениет қайраткері
Шығыс Қазақстанның жетекші вокалисттерінің бірі (лиро-колоратуралық сопрано), педагог, ғалым.
Өскемен музыка колледжін және Құрманғазы
атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «жеке ән айту» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін «ЖОО студенттерінің кәсіби-педагогикалық қызметін
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары» тақырыбында диссертация қорғады. Қазақстан
Республикасы Жоғары аттестаттау комиссиясының доценті. атындағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мемлекетке сіңірген еңбегі,
белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы мен халықтар арасындағы
достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі
үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
«ҚР Мәдениет қайраткері» құрмет
белгісінің, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері»
төсбелгінің, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгінің иегері. 2020 жылы Мәдениет және
спорт министрі А.Райымқұлова А.Б Нұрғожинаның Қазақстан
Республикасының мәдениетін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Алғыс хат» ұсынған. 2021 жылы Альмира Бекқазықызы «Өскемен
қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» медалімен марапатталды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30
жылдығын мерекелеуге байланысты Шығыс Қазақстан облысының мәдениет саласын
дамытуға қосқан үлесі және көп жылғы жемісті еңбегі үшін Шығыс Қазақстан
облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. «Музыкалық өнер» номинациясы
бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты. Шығыс Қазақстан
облысы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Нұрғожина А.Б. «Қазақстанның үздік
халқы» энциклопедиясында ұсынылған.
1987 жылдан бастап облыстық
филармонияның солисті бола отырып, Қазақстан Республикасында және шетелде
концерттік қызметте белсенділік танытуда. Жеке концерттік
бағдарламалармен өнер көрсетеді. Облыстық филармонияның солисті ретінде
Украина, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай елдерін аралады. еңбек
сіңірген әртісі И. Фролов, КСРО халық әртісі Б. Төлегенова, Ә. Дінішев, Р. Рымбаева,
ҚР еңбек сіңірген әртісі Ш. Әбілов, В. Ткач, Б.Үдербаева,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері М. Чотабаев,
Ж. Габдуллина және Т. Забировамен бірлескен концерттік бағдарламаларда өнер
көрсетті.
Репертуарларымен жұмысқа қатысуы (негізгі) 2017-2021 ж.:
1. Халықаралық классикалық музыка
фестиваліне симфониялық оркестрдің солисті ретінде қатысты (2017 ж.).
2. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бородулиха ауданы,
Тарбағатай ауданына (8 концерт және гала-концерт) қазақ халық оркестрінің
солисті ретінде қатысты (2017 ж.).
3. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша, Риддер қаласында өткен
гала-концертке солист ретінде қатысты (2017 ж.).
4. «Ертіс концерт»
камералық оркестрі мерейтойындағы концертіне қатысты (2018 ж.)
5. ЭКСПО-2017
Гала-концертінде симфониялық және қазақ оркестрінің солисті ретінде өнер
көрсетті.
6. 2019 жылы «Ертіс
концерт» кіші залында жазылған бейнеконцертіне қатысты. (5 шығарма)
7. 2020 жылы
«Тәуелсіздік күні», «Тұңғыш Президент күні» облыстық концерттеріне қатысты.
8. Қазақ халық
оркестрінің солисті ретінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Ж. Глымовтың
шеберлік сабақтарына қатысты (концерт 2021 ж.).
9. Симфониялық
оркестрмен Ш.Қалдаяқовқа арналған арнайы концерттердің бейнежазбасына қатысты
(2020 ж.).
10. Джаз
оркестрімен жаңажылдық арнайы концерттердің бейнежазбаларына қатысты (2020).
11. 2021-2022 жылғы
симфониялық және қазақ халық оркестрінің концерттік маусымының ашылуына қатысты
(қыркүйек, қазан).
12. Қазақ халық
аспаптар оркестрімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына
арналған концертке қатысты (желтоқсан).