Мазкенова Айжан Мұратбекқызы
ШҚО мәдениетінің «Ертіс концерт» КМҚК солисті
Мәдениет саласының үздігі
Біліктілігі жоғары деңгейдегі вокалист, білімі жоғары – «Қазақ ұлттық академиясы», біліктілігі – опера әншісі.
Үрмелі және симфониялық оркестрде, «Байжігіт» қазақ халық аспаптар оркестрінде, «Алтай» фольклорлық ансамблінде ән айтады.
Орындау деңгейін арттыру бойынша үнемі жұмыс жасайды.
Айжан Мазкенова көптеген республикалық және халықаралық вокалдық байқаулардың жеңімпазы, «Қазақ романсиадасы» XII халықаралық романс орындаушылар байқауының лауреаты (Шымкент, 2009), Назира Ахмедова атындағы халықаралық конкурстың дипломанты (Ташкент).
 2009 жылы Абайдың 165 жылдығына арналған облыстық вокалисттер байқауында 2-орын алды.
 2011 жылы Б.Төлегенова атындағы халықаралық вокалисттер байқауының қатысушысы, Н.Тілендиев атындағы республикалық вокалисттер байқауының дипломанты.