Мәжитов Талант Манатұлы
ШҚО Мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК солисті
Мәжитов Талант Манатұлы, әнші 1996 жылы туған.
2014-2017 жылдары Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық колледжінде халық әні мамандығы бойынша білім алды.
2017-2021 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетін халық әні мамандығы бойынша бітірді.
2020 жылдан бастап Көкпекті ауданындағы КГГП «Дарын» шығармашылық ұжымында солист болып жұмыс істейді.
Республикалық, аймақтық және облыстық байқауларға қатысып, бірнеше жетістіктерге жетті:
2019 жылы Талдықорған қаласында өткен «Рухы Данеш жаңғырады, Ұрпағы арнап ән салады» халық әншілері арасындағы республикалық байқаудың дипломанты болды.
2019 жылы Тайжан атындағы республикалық байқауда 3-орын алды.
2020 жылы Өскемен қаласында Мәдениет Ешекеев атындағы облыстық байқауда 1-орын иеленді.
2022 жылы Глубоков ауданының «Ұлы дала сазы» VII облыстық фестивалінде «Ән өнері» номинациясында 2-орын алды.
2022 жылы «Жеті қазына» республикалық тележобасының қатысушысы болды.