Майжаров Қайрат Сеиткешевич 1986 жылы 13 наурызда дүниеге
келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде С. Аманджолов атындағы
«Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша білім алады, мамандығы – «Музыка
пәнінің мұғалімі».
2004 жылы еңбек жолын Улан ауданының РДК-да
«Концертмейстер» қызметінен бастады. 2017 жылы «Шығыс Қазақстан облыстық
филармониясы» КМҚК «солист-вокалист» қызметіне қабылданды.
Қайрат Сеиткешұлы өзінің жұмысында білікті әрі білімді
маман ретінде өзін көрсетті, «An.Sal.Dar» тобының солисі болып табылады.
1. II республикалық вокалистер байқауында Оралхан
Көшербаев атындағы «Оралханның көктемі» байқауының 1-орын лауреаты.
Қатысқан шаралар:
1. «Елбасы жолы» – Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті күніне арналған концерт.
2. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл
толуына арналған концерт.
6. Мемлекеттік іс-шараларға арналған концерттер.
7. «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚКшығармашылық
ұжымдарының концертіне және «Ұлттық рухани жаңғыру», «Ауыл – ел бесігі»
бағдарламасы аясындағы ШҚО бойынша гастрольдік концерттерге қатысты.
8. «Жеті қазына» республикалық тележобасының қатысушысы.
Техникалық шеберлігі:
Майжаров Қайрат Сеиткешевич баян, домбыра және гитара
сияқты музыкалық аспаптармен кәсіби деңгейде өнер көрсетеді. Өзінің кәсіби
дағдыларын үнемі жетілдіру үстінде.
2023 жылы Моңғолияға гастрольдік сапарға шықты.
2024 жылы «5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары Астана
2024» шарасына қатысты.