Калык Қамит
ШҚО Мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК солисті
Калық Қамит
**Профессионалдық курстары:**
- Тұңғышбай Жаманқұлов «Сөз тазалығы мен сөз әрекеті»
- Күлжамила Әбілдәевна «Сахналық кейіпкер жасау элементтері»
**Профессионалдық дағдылары:** актерлік мамандықта қолдануға болатын барлық дағдылар: сахналық сөйлеу, сахналық қозғалыс, вокал, хореография.
**Қосымша дағдылар (тілдер, көлік жүргізу, атпен жүру, жекпе-жек өнері, жүзу):** атпен жүру, жекпе-жек өнері.
**Еңбек өтілі:** 9 жыл.
Халық Қамит еңбек жолын 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында актер болып бастады. 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы жанындағы ШҚО Мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК ұжымына солист-вокалист ретінде жұмысқа қабылданып, бүгінге дейін сол қызметте жұмысын жалғастыруда.
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.
С. Аманджолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін тәмамдаған.
2022 жылдан бастап ШҚО Мәдениет басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» КМҚК солист-вокалисті болып жұмыс істейді. Еңбек жолында білікті әрі кәсіби маман ретінде өзін көрсетті.
2022 жылдан бастап ұлттық жобалар аясында «Ұлттық Рухани Жаңғыру» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары бойынша гастрольдік концерттерге тұрақты түрде қатысып келеді.
2024 жылы С. Мұхамеджановтың «Айсулу» операсының премьерасында өнер көрсетті.
Халық Қамит қала мен облыс мәдениетінің дамуына айтарлықтай үлес қосып, тек вокалист ретінде ғана емес, облыстағы ірі мәдени шараларда қазақ тілінде жүргізуші ретінде де танылды. Жауапты, коммуникабельді, орындаушы. Әрқашан репертуарын жаңартып, орындаушылық шеберлігін жетілдіру бойынша жұмыс істейді.
2024 жылы «5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары Астана 2024» шарасына қатысты.