Хохлов Роман
Михайлович, «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының» КМҚК солисі,
1995 жылдың 3 сәуірінде дүниеге келген.
2011 жылы халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан
өнер училищесіне «Хор дирижері» мамандығы бойынша оқуға түскен, кейін 2015 жылы
Ресей Федерациясының Барнаул қаласында орналасқан Алтай өлкесінің мәдениет
институтына оқуға қабылданған. 3-курсынан бастап Барнаул қаласындағы «Алтай
өлкесінің мемлекеттік филармониясы» халық әндері ансамблінің солисті ретінде
жұмыс істеді. «Вечерки» халық әндері ансамблінде жеке орындаушылық жұмыстар
атқарды, ансамбль түрлі қалалар мен елдерде гастрольдер өткізді, оның ішінде: Корея, Қазақстан, Мәскеу, Томск, Бийск, Сочи, Омск және т.б.
Сондай-ақ
ұжымдармен бірлесіп жұмыс істеді: Ресей Федерациясының халық артисі Н. Бабкина
басқаратын «Мәскеу мемлекеттік академиялық «Русская песня» театры», «Кубань
казактар хоры» – көркемдік жетекшісі Виктор Захарченко. Сонымен қатар Пипекин
В.М., Иванов Олег, Емелин Николай сияқты орындаушылармен бір сахнада өнер
көрсетті.
2013 жылы өнер
училищесінің өміріне белсенді қатысып, «Злато» ансамблінің құрамында Қазақстан,
Ресей және Еуропа елдерінде гастрольдерге шықты.
2014 жылы
Швейцарияда өткен халық музыкасының халықаралық съезіне қатысты.
2017 жылы Мәскеу
қаласында өткен «Народное дарование» фестиваліне қатысты.
2018 жылы
Оңтүстік Корея, Пхёнчхан қаласында өткен Қысқы Паралимпиада ойындарына
«Вечерки» ансамблінің солисті ретінде қатысты.
2019 жылы
Ресейдің Барнаул қаласында өткен «Поверь в себя» музыкалық тележобасында өнер
көрсетті.
2023 жылы Ресей,
Мәскеу қаласында Андрей Малаховтың «Песни от всей души» телебағдарламасына
қатысты.
Хохлов Роман
Михайлович 2024 жылы «Ертіс концерт» ұжымына солист болып қабылданды. Жұмыс
кезеңінде кәсіби біліктілігін және білімін көрсетті.
Қызметі: Жеке әнші-вокалист, оркестрлердің, ансамбльдердің
солисі.
Репертуарға
қатысуы:
- 2024 жылы
Астана қаласында өткен Көшпелі халықтардың V Әлемдік ойындарына қатысып,
концерттік бағдарламада өнер көрсетті.
Техникалық
шеберлік: Кәсіби вокалдық шеберлікті, диапазонды, техника мен әртүрлі күрделі
вокалдық туындыларды орындау деңгейін үнемі арттыру үшін жұмыс істейді,
мастер-класстарға қатысады.