Республикалық және халықаралық байқаулардың
лауреаты, Моңғолия Республикасының Мәдениет қайраткері.
Белгілі солист Шерікбай Унатұлының
шығармашылығындағы алғашқы ұстаз.
1999 жылы орта мектепті, 2003 жылы Баян-Өлгей
мемлекеттік университетінің Моңғолия оқытушыларын даярлау жөніндегі аймақтық
филиалының музыка мамандығы бойынша тәмамдады.
2005 жылдан 2016 жылдың қазан айына дейін
Моңғолиядағы Баян-Өлгейдегі "Алтын Жұлдыз" орденінің Қазақ ұлттық
драма театрында әнші және актер болып жұмыс істеді. "Ақкербез"
тобының әншісі ретінде танылды.
2011 жылы Қытай Халық Республикасының Үрімші
қаласында Хадхан Манайұлының орындауында Керей қазақтарының әнінен "Өмір
әні" музыкалық дискісі жарық көрді.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігінің тілдер жөніндегі ұйымдастыру комитеті шет елдерде
тұратын отандастардың қатысуымен өткізілетін халықаралық шығармашылық
фестивалінің халық әндерін орындаушылар байқауында II-ші орын алды, фестиваль
лауреаты.
2014 жылы Моңғолияда өткен "Халық қалаған
тұлға" іріктеу байқауында "Үздік әнші" номинациясы бойынша
"Алтын кубокты" иеленді.
2015 жылы ҚР "Қамшы" ақпараттық порталы
ұйымдастыруымен өткен Қазақстан, Моңғолия, Қытай әншілері қатысқан халықаралық
жобада арнайы сыйлық алды (қатысушылар саны - 200)
2017 жылы Семей қаласында өткен "Текті сөздің
төресі" республикалық терме орындаушыларының дипломанты.
Жыл сайын "Ұлттық Рухани Жаңғыру" және "Ауыл
– ел бесігі" ұлттық жобалары шеңберінде гастрольдік концерттерге қатысады.
"Хабар" арнасы ұйымдастырған "JETI QAZYNA" телевизиялық мега-жобасының финалисті.