Бақыт Абылайхан, солист-вокалист, 1994 жылы туған.
2013 жылы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде халық
артистері Абдуллиндер атындағы ән айту және домбыра мамандығы бойынша білім
алды.
2017 жылы училищені тәмамдап, Құрманғазы атындағы Қазақ
ұлттық консерваториясына дәстүрлі музыкалық өнер мамандығы бойынша түсіп,
білімін жалғастырды.
2021-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының
мәдениет үйінде солист болып қызмет атқарды. Республикалық, аймақтық және
облыстық байқауларға қатысып, бірнеше рет жеңістерге жетті.
2014 жылы Алматы қаласында Жүсіпбек Елебеков атындағы
байқаудың жеңімпазы болды. 2016 жылы Асет Найманбаев атындағы республикалық
байқауда дипломант атанды. 2017 жылы XXXVIII республикалық халық әншілері
байқауының дипломанты болды.
2021 жылы Бородулиха ауданында Мәдениет Ешекеевтің 85
жылдық мерейтойына арналған II облыстық халық әншілері байқауында 2-орынды
иеленді.
2022 жылы Шамшы Қалдаяқов атындағы ән байқауында Гран-при
жүлдесін жеңіп алды.
2022 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисті, композитор
Секен Тұрсбековтің шығармалары бойынша «Көңіл толқыны» өнер байқауында Гран-при
иегері атанды.
2022 жылы «Жеті қазына» республикалық тележобасының
қатысушысы болды.
2023 жылы Асет Найманбаев атындағы республикалық байқауда
Урджар ауданында дипломант атанды.
2024 жылы «5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары Астана
2024» шарасына қатысты.