«Халық заңгері» республикалық акция
«Халық заңгері» республикалық акция бүкіл Қазақстан Республикасында  бірыңғай уақытта -2024 жылғы 30 мамырда сағат 17.00 – 19.00-де өтеді.
Акция облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарында өткізіледі.

Акция Өскемен қаласында 2 мекенжай бойынша өтеді:
С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университетінің корпусы, Қазақстан көшесі 55,
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Шәкәрім даңғылы 149/10.

Тұрғындар сот, құқық қорғау, қадағалау органдарының қызметкерлері, адвокаттар, сот орындаушылары, нотариустар және облыс әкімдігінің, қала/аудан әкімдігі бөлімдерінің өкілдерінен кеңес ала алады.

Акцияның мақсаты – тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету, халықтың заңгерлік сауаттылығын арттыру.
2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам адам кеңес алды.
«Халық заңгері» акциясы басталған сәттен бастап бірден өз қажеттілігін көрсетті.